Атырау облысында үйге найзағай түсіп өртеніп кетті

Атырау облысы Миялы ауылында үйге найзағай түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Ақ Жайыққа" сілтеме жасап. 

25 маусымда 19.00 шамасында Қызылқоға ауданы Миялы ауылы Үсенов көшесіндегі қараусыз үйге найзағай түсіп, өртенген. 

"Ешкім зардап шекпеген. Жергілікті өрт сөндіру бөлімшесінің үш қызметкері мен бір техникасы өртті сөндірген", - деп жазылған мәліметте.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!