Бишімбаевтың адвокаты бірінші сатыдағы соттың 20 қатесін тізді

Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов экс-министрге қатысты шыққан үкіммен келіспейтінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мен адвокат ретінде бұл үкіммен келіспеймін. Ол заңсыз деп есептеймін. 106 - бап-абайсызда адам өлтіру, өзгертілген бапқа сәйкес жазаны төмендету керек деп есептеймін. Ал Азаптау бабы бойынша үкімнің күші жойылып, іс басқа құрамда жаңа қарауға жіберілуі керек деп санаймын. Үкімді өзгерту әбден мүмкін нәрсе. Себебі бірінші сатыдағы сотта заңбұзушылықтар болды", - дейді адвокат.

Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық істің апелляциялық сот отырысы басталды. 

Айта кетейік, сот үкімімен Қуандық Бишімбаев 24 жылға, Бақытжан Байжанов 4 жылға сотталған болатын. 

Еске салайық, Бишімбаев пен Байжанов ісі апелляциялық сотқа 11 маусымда түсті. 

Бұған дейін Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Назгүл Рахметуллина Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық іс бойынша апелляциялық шағым қанша уақытқа дейін қаралуы мүмкін екенін айтқан болатын. 

Мәжіліс кулуарында журналистер Жоғары сот өкілінен "алқабилер алқасының үкімінен кейін апелляциялық шағым беруге бола ма?" деп сұрады.

"Апелляцияға береміз". Бишімбаевтың адвокаты үкімнен кейін алғаш рет пікір білдірді

"Иә, әрине. Алқабилердің қатысуымен шығарылған үкімге тараптар шағымдана алады. Ол үшін апелляциялық саты бар. Олар (сотталғандар - еск.) келіспесе, әрине, шағымдануға құқылы", - деді сот алқасының төрағасы.

Рахметуллинаның айтуынша, апелляция бір ай ішінде қаралады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!