Жантүршігерлік жағдай: Атырауда 7 жасар балаға ескерткіш құлап, көз жұмды

Атырауда 7 жасар баланы ескерткіш басып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қалалық полиция басқармасы өкілдері мән-жайды айтты. Оқиға 26 маусымда сағат 00:40 шамасында Атырау қаласындағы Жеңіс саябағында болды.

"2017 жылы туған қызға ескерткіш құлап кеткен. Дене жарақаттары салдарынан қыз облыстық балалар ауруханасында қайтыс болды", - деді құқық қорғау органдары.

Қазір бұл дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!