Назарбаев жауапқа тартылуы керек - Парламент мәжілісінің депутаты Ермұрат Бәпи

Назарбаев жауапқа тартылуы керек - Парламент мәжілісінің депутаты Ермұрат Бәпи
Фото: Видеодан алынған кадр

Парламент мәжілісінің депутаты, журналист Ермұрат Бәпи "Qazaq Airan" Youtube-жобасына берген сұхбатында экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевты жауапқа тарту керегін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Депутат бұрынғы мемлекет басшысының 30 жылдық билігін толық саралағанын жеткізді.

"Нұрсұлтан Назарбаевтың 30 жылдық билігін саралай келе айтатыным, ол міндетті түрде жауапқа тартылуы керек адам. Ол жауап беруі керек. Бірінші, өзінің ашық тұрпатымен, халықтың алдында есебін беруі керек. Ол алды да кетіп қалды, осы елді жеткіздім, үйттім-бүйттім деді де кетіп қалды. Ал енді артында мұрасы қалды ғой. Ол мұраның бәрі авторитарлық биліктің ең бір сұрқия мұрасы қалды. Сондықтан оны көптеген мәселеге қатысты жауапқа тарту керек. Мәселен, қудаланған саясаткерлер, атылып, айдалып кеткен саясаткерлер, елдің осындай ұрлық, таран-таражға түсуі, халықтың байлығын, қазынасын жеке дара, өзінің дегеніне салып, тіпті Ұлттық банктегі қаражатты жеке адамдарға беру мәселесінің бәрін қарастыру керек. Экс-президент Нұрсултан Назарбаевқа қойылатын сұрақ өте көп", - деді ол.

Тағы да оқи отырыңыздар: Психосоматика деген не?

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә