"Қыздарды өзге ұлт өкіліне шығуға шақырған емеспін". Фариза Ескермес неліктен орыс жігітті таңдағанын түсіндірді

"Қыздарды өзге ұлт өкіліне шығуға шақырған емеспін". Фариза Ескермес неліктен орыс жігітті таңдағанын түсіндірді
Фото: Әлеуметтік желі

Бұрынғы "Джейран" тобының солисі, әнші, актриса Фариза Ескермес Тимур Балымбетовке берген сұхбатында неліктен өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шыққанын айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі, махаббат, сезім бар жерде ұлт пен дін маңызды рөл ойнамайтынын атап өтті.

"Көп адам маған "неліктен қазақ емес, орыс?" деген сұрақ қояды. Көбінесе, мен бұл тақырыптан қашамын, сұраққа жауап бермеймін. Мен жәй ғана сүйемін, болды! Егер екі адамның арасында сезім, махаббат болса, қандай да бір шектеу болмайды. Ұлтқа, дінге қарамайды, өйткені сен адамды жақсы көресің, сондықтан оны қалай бар, солай қабылдайсың. Бірақ, мен ешқашан өзгелерді өзге ұлттық адаммен отау құруға шақырған емеспін. Адамдар мен осы тақырыпқа қатысты көп айыптайды. Маған адамдар "сені біздің балаларымыз көреді" деп көп пікір қалдырады. Олардың балаларын мен тәрбиелеп отырған жоқпын ғой. Мен ешқашан қазақ жігіттерден қашпағанымды, біздің халықты сынамағанымды айтқым келеді. Біз өте керемет халықпыз. Қазақтарда да білімді, көп оқыған, әйелдің таңдауын құрметтейтін жігіттер көп. Мәселе ұлтта емес. Біздің арамызда жәй ғана махаббат бар", - деді әнші.

View this post on Instagram

A post shared by Timur Balymbetov (@balukz)

Тағы да оқи отырыңыздар: Бір жылда неше сағат, неше минут, неше секунд бар?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Б. Жұмаділлә