"6 айлығымда аузыма ақын Қайыпназар Әйтпенов түкірген". Төреғали Төреәлі қазақтың ырымына қатысты пікір білдірді

"6 айлығымда аузыма ақын Қайыпназар Әйтпенов түкірген". Төреғали Төреәлі қазақтың ырымына қатысты пікір білдірді
Фото: instagram.com/toregalitoreali?

Танымал әнші Төреғали Төреәлі әлеуметтік желідегі парақшасында қазақтың "баланың аузына түкіру" ырымына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әнші өзі бірер күн бұрын барған кездесуде көпшілік "аузына түкіруін" сұрағанын айтты.

"Төнеу күнгі түнгі кездесу!
Сұрақтың көбі "түкіру" туралы болды. "Қазақтың "баланың аузына түкіру" ырымы ауызға ауыз қуысынан бөлінетін сұйықтықты құйып беру дегенді білдірмейді. Тек атақты, беделді, білімді азаматтар ырымын жасап, баланың аузына түкіргендей қимыл жасайды. Ол бар болғаны сенім. Баланың ата-анасы өтініш жасап, ол да сол адамдай болсын деп ырымдайды ғой.

Аты аңызға айналған, ел таныған ақындар мен шешендер, дуалы ауыз билер мен ақсақалдарға сәбидің аузына түкіртіп алу ежелгі дәстүрлі ырымдардың бірі. Бұл сенім ырымы болғандықтан ел ішінде әлі де жасалады және жиі айтылады. Оның орындалуы, ишара түрінде, ауызға түкіру нышаны ғана жасалады. Халқымыздың ырымы және сенімі бойынша жоғарыда аталған адамдардың қасиеті мен өнері сәбилер мен жас балаларға қонады деген түсінік болған. Бұл кейін балаға да, оның ата-анасына да әсер еткен және оны мақтаныш тұтқан. Мысалы белгілі ғалым Бейсенбай Кенжебаевтың аузына ақын Мағжан Жұмабаев түкірген. Аталған ырым - халық салт-дәстүрінде үлгі, тәрбие құралы ретінде жүргенін әр ата-ана есте ұстаған жөн. Алты айлығымда менің аузыма атақты ақын Қайыпназар Әйтпенов түкірген екен. Мен одан атақты ақын болып кеткенім жоқ, жәй ғана аузыма шалдың дәмі келеді, десең. Қалжың ғой. Әлі күнге дейін мақтанышпен айтып жүремін. Бейберекет түкіре бермеңіздер, бізге де түкірте бермеңіздер, қазір заң бар!" - деп жазған ол.

Тағы да оқи отырыңыздар: Қарбыздың қандай пайдасы бар?

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә