"Ішкі күйім астан-кестен боп жүрді". Бағлан Әбдірайымов жан сырын ақтарды

"Ішкі күйім астан-кестен боп жүрді". Бағлан Әбдірайымов жан сырын ақтарды
Фото: Әлеуметтік желі

Танымал әнші Бағлан Әбдірайымов әлеуметтік желідегі парақшасында жан сырын ақтарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі өміріндегі қиын кезеңдерді баяндаған.

"Алғашқы кинодан бастап осындай кедергілерге тап болдық"
Мен білмейтін қаншама жігіттер ес жиды.
Керемет, иә? Осы тақырып кеңінен ашу мақсатында "Қарыз" фильмін түсірдік. Ақтау, Жаркент, Жаңақорған, Алакөл жігіттері қаражат қосты. Мың алғыс!
Прокаттың алдында үлкен сынақ келді.
Иә, Алла бұған да көндім дедім.
Одан кейін ат жардан құлап кетті. Бас аман болсын деп, алдыға жүре бердік.
Ішкі көңіл-күй астан-кестен боп жүрді. Әкемнің атынан, бала-шағамның атына, басымның амандығы үшін, мініп жүрген көлікті, денсаулығы жоқ жігітке бере салдым. кім білсін? кейін мұндай мүмкіндік болады ма? Жігіт болсаң, нәпсіні көтерсе бер ал дедім, өзіме.
Актер болсам мұндай азапқа келіспес едім. Өзіңнің киноң болған соң соңына дейін шыдап жүрдім", - деп жазды ол.

Тағы да оқи отырыңыздар: Қарбыздың қандай пайдасы бар?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Б. Жұмаділлә