Ақтөбеде үш жылдан бері субұрқақтар істемей тұр

Ақтөбеде осындай жиырма екі су бұрқақ бар. Соның тек үшеуі ғана істеп тұр. Қалғаны жұмыс істемей, құрғап тұр. Тіпті кейбірі қараусыз қалған. Айнала қоршауы түсіп, күл-қоқыс жиналып қалған. Қалаға жазда сән беретін су бұрқақтардың істемегеніне тұрғындарда өкпелі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Былтыр шахардағы сегіз фонтанға күрделі жөңдеу жұмыстарын жүргізу үшін 184 миллион теңге бөлінген. Алайда мердігер мекеме жүктелген міндетті уақтылы орындай алмай, әкімдік оларды сотқа берген. Биыл басқа мердігермен келісім шарт жасалмақ.

"Біз енді толығымен күрделі жөңдеу жұмыс жасатуға конкурс ұйымдастырдық. Бұйырса анықталғаннан кейін жасайтын болады мердігер мекеме қалған фонтанды. Сосын он фонтанды спонсорлық көмекпен жасатып жатырмыз", - дейді қалалық ТҮКШ бөлімінің бас маманы Бақтияр Төреш.

Жауаптылардың айтуынша, биыл жазда төрт фонтан күрделі жөңдеу жүргізіліп, келер айда олар іске қосылады. Ал оларды күтіп ұстау үшін 22 миллион қаражат бөлініпті.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!