Шымкентте Қазақстандағы ең үлкен манты дайындалды

Шымкенттік аспаздар ресейлік әріптестерімен бірге ең үлкен манты дайындады. Көлемі 1 метрге жуықтайды. Оған бас-аяғы 2 сағаттай уақыт кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Асты әзірлеуге аспаздар 5 келі ұн, 5 келідей тартылған ет қосқандарын айтады. Бір ерекшелігі үлкен қамырдың ішіне стандартты өлшемдегі мантылар салынған. Ал сырты біртұтас. Үлкен көлемде біртұтас тағамды пісіруге арнайы темір ыдыс дайындалыпты. 

"Небәрі екі күн бұрын ғана рекордтар кітабына енуге ұсыныс бердік. Бұл мантының рецебі де ерекше. Өте дәмді болады деп ойлап тұрмыз. Шымкенттің өте қонақжай екенін, сонымен қоса тағам дайындау жағынан өзгелерді басып озбаса еш қалыспайтынын көрсеткіміз келді. Бұл шарамыз елге сырттан қонақтар тартып қана қоймай, ел мен елдің байланысын артыруға сеп болатынына сенімдімін", - дейді шараны ұйымдастырушы Мария Брезинская.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!