"Бәрі керемет деп айта алмаймын". Танымал қазақстандық блогер ұлының жағдайын айтты

"Бәрі керемет деп айта алмаймын". Танымал қазақстандық блогер ұлының жағдайын айтты
Фото: Әлеуметтік желі

Танымал қазақстандық блогерлер Арман Юсупов пен Карина Оксукпаеваның кенже ұлы сырқаттанып қалған болатын. Карина Оксукпаева ұлына не болғанын әзірге ешкім түсіндіре алмағанын айтқан еді. Бүгін блогер әлеуметтік желідегі парақшасында ұлының жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Блогер ұлының өміріне қауіп төндірерліктей жағдайда емесін жеткізді.

"Ұлым оянды. Барлықтарыңызға қолдауларыңыз үшін үлкен рақмет. Жағдайы керемет деп айтпаймын, бірақ өмірге қауіп төндіретіндей емес. 
Кешке кешке анам маған кенже ұлымның біртүрлі болып жүргенін айтты. Жекеменшік емханаға барып едік, олар ұлымның жағдайын көріп, бірден жедел жәрдем көмегіне жіберді. Кейіннен бізге ұлымда менингит бар болуы мүмкін екенін айтып, оған инемен тесу керегін, артынан жансақтау бөліміне жатқызылатынын айтты. Мен инемен тесуі және басқа да қажетті барлық тексерістен өтуі үшін бірден құжаттарға қол қойдым. Содан дәрігерлер менингиттің жоқ екенін хабарлады, бірақ ұлымның мұндай жағдайға түсуіне не себеп болғанын түсіндіре алмады", - деп жазды блогер.

Тағы да оқи отырыңыздар: Психосоматика деген не?

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә