"Қызын өлтіріп, аттракционнан секіріп кеткен": Алматыдағы жантүршігерлік жағдай туралы тың дерек шықты

"Қызын өлтіріп, аттракционнан секіріп кеткен": Алматыдағы жантүршігерлік жағдай туралы тың дерек шықты
Фото: 2gis.kz

Алматыда әйел аттракционнан секіріп кеткен оқиғаға қатысты тың дерек шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алдын ала ақпарат бойынша ол мұндай қадамға бармас бұрын қызын тұншықтырып өлтірген.

Іле ауданының білім бөлімі өкілі бұл отбасы ешқандай есепте тұрмағанын айтты.

"Балаға қатыгездік жасалғаны туралы ешқандай хабар түскен жоқ. Қалыпты отбасы болды. Біз әдетте әкесі мен анасы бірге тұрмайтын немесе балаларды бөліп алған отбасыларды жатқа білеміз. Бұл отбасы туралы ешқандай ақпарат болған жоқ", - деді Іле ауданы білім бөлімінің меңгерушісі Махаббат Бишанғалиева.

Ал ауыл әкімі 5 жасар қыз даун синдромымен ауырғанын растады. Әйелдің күйеуі айтишник болып жұмыс істеген деген де ақпарат бар. Көршілері де бұл қарапайым отбасы болғанын айтады.

"2018 жылы туған қыз Алматы қаласының Түрксіб ауданындағы жекеменшік балабақшаға, мектепалды даярлық тобына барды", - деді Білім бөлімі өкілі.

Кейбір деректерге сүйенсек, 41 жастағы әйел Алматыда тұратын әпкесіне келіп, баласын өлтіргенін мойындаған. Содан кейін ол пәтерден шығып, Алматының Орталық демалыс саябағына барған. Біраз уақыттан кейін әйел аттракционнан секіріп кеткен.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда аттракционнан секіріп кеткен әйел қызын буындырып өлтіргені хабарланды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова