Қаптамадағы шайлар қатерлі ісік тудыратыны рас па?

Қаптамадағы шайлар қатерлі ісік тудыратыны рас па?
Фото: pixabay.com

Интернетте қаптамадағы шайлар қатерлі ісік тудыруы мүмкін екені жайлы ақпарат жиі кездеседі. Көпшілік жерде оны қаптаманың құрамындағы пластика бөліктерінің болуымен байланыстырады. Алайда дәрігер Светлана Малиновская бұл ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Regions"-қа сілтеме жасап.

Маманның айтуынша, пластиканың ұсақ бөлшектері адам ағзасына күнде түрлі тамақтану көздерінен келіп түседі.

"Олар бөтелкедегі суды ішкенде де және барлық дүкенде сатылатын пластика қаптамадан (йогурттар, сүтті өнімдер, оралған ет және т.б) да түседі", - деп түсіндірді дәрігер.

Яғни, қаптамадағы шай дүкеннен сатып алынған басқа тамақтану өнімдерінен қауіпті емес. 

"Оған аса мән берудің қажеті жоқ. Қазір мінсіз таза және экологиялық өнім өте аз. Мұндай өнімдер арқылы ағзаға түсетін пластика мөлшері қауіпті емес", - деді Светлана Малиновская.

Оқи отырыңыз: Тамақтан соң бірден шай ішуге бола ма?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Жапатова