Жамбыл облысында кәсіпкер 4,6 миллион теңгесін өндіріп алды

Жамбыл облысы Меркі ауданы прокуратурасының жүргізген талдау нәтижесімен кәсіпкердің құқығы қорғалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Атап айтқанда Мерке аудандық орталық ауруханасы мен "Neuro MED" ЖШС-гі арасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі қызмет көрсеру үшін келісімшарт жасалған.

Шарт талаптары бойынша қызмет көрсетуші барлық міндеттемелерді толық орындаған.

Алайда оған қарамастан тапсырыс беруші тарапынан атқарылған жұмыстың ақысы 4,6 млн теңге төленбеген.

Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде көрсетілген сома "Neuro MED" ЖШС пайдасына төленді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!