Ақтөбеде алаяқ жәбірленушілерінен жасырыну үшін колониядан қашып кеткен

Алаяқтық жасағаны үшін сотталған Ақтөбе тұрғыны жәбірленушілерінен жасырыну үшін колониядан қашып кеткен. Ұсталғаннан кейін ол түрмеге жабылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.

31 жастағы ақтөбелік 2020 жылы алаяқтық жасағаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылды, ал 2023 жылы ол қауіпсіздігі ең төмен мекемеде (колония-елді мекен) мерзімінің қалған бөлігін өтеу үшін ауыстырылды. Ол күндіз қалада жұмыс істеп, кейін колонияға оралып жүрген. Бірақ 4 мамырда жұмыстан кейін сотталған тұрғын колонияға оралмаған. Полицейлер қашқынды бір аптаға жуық іздеп, Алматыда ұстады.

Ұсталғаннан кейін ер адам тағы да сотталушы орындығына отырды, бұл жолы ол "бас бостандығынан айыру жазасын өтеуден жалтарды" деп айыпталды.

Айыпталушы өзі жұмыс істеген жерге оның қылмыстық ісі бойынша жәбірленушілер келіп, ақшаны қайтаруды талап еткенін айтты. Ол жәбірленушілермен кездеспеу үшін колония қызметкерлерінен басқа аймаққа ауыстыруын сұрапты. Тіпті сотталушының анасы да осындай өтінішпен колония басшылығына жүгінген. Кейін ол өзі басқа қалаға, яғни Алматыға қашып кеткен.

Соттың сауалына ҚАЖД өкілдері жауап беріп, сотталған адам бұл мәселе бойынша бөлімге жүгінгенін, оған бұл істің тәртібі түсіндірілгенін, бірақ ол жәбірленушілермен арадағы жағдайды хабарламағанын айтты.

Алаяқтық жасағаны үшін Ақтөбе тұрғыны бір жарым жыл жазасын өтеуі керек еді, бірақ осы мерзімге жазасын өтеуден жалтарғаны үшін тағы бір жыл қосылды. Нәтижесінде ол 2,5 жылын түрмеде өткізеді.

Еске салайық, бұған дейін СҚО-да сотталушы колониядан қашып кеткені хабарланды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!