Павлодарда төрт көлік соқтығысқан

Павлодарда төрт көлік соқтығысқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Жолаушылар медициналық көмекке жүгінген.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі мәліметінше, Toyota Mark II автокөлігінің жүргізушісі Hyundai Accent көлігімен соқтығысқан. Салдарынан Hyundai жүргізушісі ВАЗ 2115 көлігіне, Chevrolet Nexia көлігіне соқтығысқан. 

Жол апаты салдарынан Hyundai Accent көлігінің жолаушылары медициналық көмекке жүгінген. 

Бұл дерекке қатысты тексеріс жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін БҚО-да мопед пен мотоцикл соқтығысып, жасөспірім мерт болғаны хабарланды. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!