Қолма-қол ақшаны сейфімен бірге ұрлағандар видеоға түсіп қалды

Фото: видеодан кадр

Ақмола облысында қолма-қол ақшаны сейфімен бірге ұрлаған күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға 19 маусымға қараған түні болған. Бетперде киген үш белгісіз адам кәсіпорынның бухгалтерлер отыратын кабинетінің есігін бұзып, металл сейфті ұрлап алып кеткен. Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер үш күдіктіні анықтады.

"Олардың қылмысқа қатысы тексеріліп жатыр. Қарақшылар сейфте бірнеше миллион теңге қолма-қол ақша бар деп үміттенді, алайда кәсіпкердің айтуы бойынша бұл күндері мәмілелер қолма-қол ақшасыз жүргізілді, ал сейфте шамамен 500 мың теңге ақшалай сома болған", - деп жазылған ІІМ хабарламасында.

Осылайша, полиция қызметкерлерінің жедел және үйлесімді әрекеттерінің арқасында ұрлық бір күнде ашылып, қылмыскерлер ұсталған.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова