Қырғызстан азаматы Қазақстанда құлдыққа түскенін айтты

Қырғызстан азаматы Қазақстанда құлдыққа түскенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kg-ға сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, қырғызстандық Мақсат Есенбаев Қазақстанда еңбек құлдығына түскен. Ол Қырғызстан билігінен көмек сұраған. Бейнеүндеу әлеуметтік желілерде жарияланды.

"Ер адамның айтуынша, 1984 жылы Ыстықкөл облысының Экинчи Көк-Мойнок ауылында дүниеге келген. Ол досымен бірге Қазақстанға ақша табу үшін барған, бірақ екеуі де құлдыққа түсті.

Мақсат Есенбаев жақында қашып шыққан. Оны қырғызстандық жүк тасушылар байқап, Жамбыл облысы Мерке ауылына дейін жеткізген. Қырғызстан азаматы жаңа құжаттар алғысы келеді, өйткені бұрынғысын жұмыс берушісі тартып алған. Ол Отанына оралу үшін туыстарын іздейді", - деп жазылған басылым мәліметінде.

Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігі оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын хабарлаған.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!