Мамандық бойынша жұмыс істейтін студенттерді әскерден босату керек - министр

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мамандық бойынша жұмыс істейтін студенттерді Отан алдындағы әскери борышын өтеуден босатуды ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомство басшысының пікірінше, бұл техникалық мамандық иелерінің тапшылығын шешуге мүмкіндік береді.

"Қазір техникалық мамандықтар бойынша мамандардың тапшылығын ескеріп, оқу орнын аяқтап, мамандығы бойынша жұмыс істеп жатқан техникалық мамандық иелерін әскери борышын өтеуден босату мәселесін қарастыруды және оларды әскери дайындықтан өткізу үшін коллеждерде сержант құрамын дайындауға бағытталған әскер кафедраларды ашуды ұсынамын", - деді Светлана Жақыпова Үкімет отырысында.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!