"Гелендваген көлігін сыйға берді". Әлішер Каримов Назарбаевтар әулетімен қарым-қатынасы туралы айтты

"Гелендваген көлігін сыйға берді". Әлішер Каримов Назарбаевтар әулетімен қарым-қатынасы туралы айтты
Фото: Фотоколлаж

Әнші Әлішер Каримов Асхат Садырбайдың Media youtube-арнасына берген сұхбатында Назарбаевтар әулетінің ықпалы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, көптеген концерттерге, тойларға шығуына Раиса Құлыбаева қолдау көрсеткен.

"Көп концерттеріме Раиса Құлыбаева апамыз келді. Менің шығармашылығымды ол кісінің қалай жақсы көргенін бәрі біледі. Тіпті бір жаққа барса да, "Әлішерді шақырдыңдар ма" деп сұрайтын. Кезінде солай қолдау көрсетті. Ақшалай емес, концерттерге, тойларға шақырды. Қалтасынан ақша берген кезі болмады. Мен оны алмас та едім. Бірде "ақша берейін десем, Әлішер, сенің барлық қалтаң тігілген" деп айтқан еді. Себебі сахнаға киетін костюмдерімде қалта болмайтын", - деді әнші.

Сондай-ақ, өнер иесі өнерін бағалайтын кісілерден үлкен сыйлықтар алғанын да жасырмады.

"Өнерімді жақсы көретін кісілерден үлкен сыйлықтар алған кезім болды. Мақтанғанды жақсы көрмеймін, атап айтпай-ақ қояйын. Олардың ішінде гелендваген көлігін сыйға тартқандар да болды. Кім бергенін айта алмаймын", - деді ол. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

А. Жайыққызы