Астанада Сығанақ көшесінің учаскесі жабылады

Астанада Сығанақ көшесінің учаскесі жөндеу жұмысына байланысты жабылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Мәңгілік Ел даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысындағы көлік айрығынан Түркістан көшесіне дейінгі учаскеде Сығанақ көшесі бойынша жол төсеміне жөндеу жүргізеді.

 

Осыған байланысты, 25 маусым сағат 00:00-ден 28 маусымға дейін жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс болдырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!