"Ешкім түсіндіре алмай жатыр". Танымал қазақстандық блогерлердің кенже ұлы сырқаттанып қалды

Танымал қазақстандық блогерлер Арман Юсупов пен Карина Оксукпаеваның кенже ұлы сырқаттанып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Карина Оксукпаева әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Оның айтуынша, ұлына не болғанын әзірге ешкім түсіндіре алмаған.

"Әрқайсыңыздан Дамир үшін дұға етуіңізді сұраймын. Не болғанын сұрамаңыздар, ешкім түсіндіре алмай жатыр. Жағдайды қалай жеңілдету керегін білмеймін және не болып жатқанын түсініп жатқан жоқпын", - деп жазды Карина Оксукпаева.

Тағы да оқи отырыңыздар: Париж Олимпиадасының билеттері қанша тұрады?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!