"Көзіме еріксіз жас келді". Танымал блогер күйеуімен бірге "екі әкесіне" су жаңа темір тұлпар сыйлады

Қазақстандық блогер Айкерім Шахман күйеуімен бірге екі әкесіне су жаңа темір тұлпар сыйлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Блогер қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

"Армандар орындалады, біз бүгін екі әкемізге көлік сыйладық, сіздердің теріңіздің әр тамшысы жай төгілмеді, біз сіздің қамқорлығыңыз бен сүйіспеншілігіңізге ризамыз, сізді қуантатын уақыт келді, ұзақ өмір сүріңіз", - деп жазған ол.

Желі қолданушылары блогер мен күйеуіне тәнті болып, жылы лебіздерін білдірген. 

"Сіздермен бірге жылап жатырмын. Бұл ұмытылмас сезім", "Күйеуінің әкесінің көзіне жас алғаны сондай ерекше, денем тітіркеніп кетті. Жарайсыңдар", "Жұбайыңыз екеуіңіз жарайсыздар! Біріншіден, бұл сіздің ата-аналарыңыздың еңбегі, сіздер осындай лайықты, еңбекқор адамдарды тәрбиелеу үлкен еңбек!", "Еріксіз көзіме жас келді, құттықтаймын", "Уаааау! Өте әсерлі көрініс", "Аллахым маған да осындай күн бұйыртсыншы! Әкеме мен де көлік сыйлағым келеді! Үй алып бергім келеді. Анам екеуі бақытты өмір сүрсе сол бар жағдайы жасалған үйде! Мен ауырғанда 2 көлігін, бүкіл дүниесін сатқан! Соның бәрін еселеп қайтарғым келеді! Алла сол күндерге жеткізе гөр! Жұғысты болсын! Керемет жарайсыңдар!" - деп жазған олар.

Тағы да оқи отырыңыздар: Диетаны неше күн ұстауға болады?

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!