Павлодарда 52 миллион теңгеге жуық қарыз болған көлік жүргізушісі ұсталды

Павлодарда 52 миллион теңгеге жуық қарыз болған көлік жүргізушісі ұсталды
Фото: видеодан алынған кадр

Павлодарда 52 миллион теңгеге жуық қарыз болған көлік жүргізушісі ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

"Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Павлодар қаласындағы Астана – Лермонтов көшелерінің қиылысында "Кибершериф" мобильді кешені жеке сот орындаушысымен бірлесіп Mitsubishi Outlander автокөлігін тоқтатты.

"Мәліметтер базасын тексеру кезінде бұл көліктің 52 миллион теңгеге жуық қарызы бар екені анықталды. Полицейлер көлікті мамандандырылған айып алаңына орналастырды, ол айыппұл толық төленгенше сол жерде сақталады", - деді Айдар Сламбеков.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан