Алматыда аттракционнан секіріп кеткен әйел қызын буындырып өлтірген

Алматыдағы Орталық демалыс саябағында аттракционнан секіріп кеткен әйел өз-өзіне қол жұмсамас бұрын қызын үйінде тұншықтырып өлтірген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы облысының полиция департаменті қыздың өлімі туралы ақпаратты растады.

"Кәмелетке толмаған баланың өліміне қатысты тергеу жүргізіліп жатыр, тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жария етілмейді", - деп хабарлады департамент.

Сондай-ақ, марқұм әйелдің Алматы облысы Іле ауданында тұратыны белгілі болды.

Еске салайық, Алматыда бүгін, 24 маусымда әйел аттракционнан секіріп, қаза тапты. Бұл туралы куәгерлер әлеуметтік желіде хабарлап, оқиға орнынан видео таратты. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен әйелдің жедел жәрдем келгенше қайтыс болғанын хабарлады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!