Екібастұзда екі жасар қыз биіктен құлады

Бала екінші қабаттың терезесінен құлап, аман қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

"Жексенбіде кешкі сағат 21:00-де Екібастұздағы көпқабатты үйлердің бірінен биіктіктен құлау оқиғасы туралы қоңырау түсті. Бес минуттан кейін келген дәрігерлер екінші қабаттағы терезеден москит торымен бірге құлаған екі жасар қызға алғашқы көмек көрсетті. Бала қалалық ауруханаға жеткізілді", - дейді қызмет басшысының орынбасары Ирина Мищенко.

Облыстық жедел жәрдем станциясы баспасөз  қызметінің мәліметінше, өткен демалыс күндері "103" желісіне келген қоңыраулар саны 25 пайызға көп болды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!