Синоптиктер еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасады

Синоптиктер ертең, 25 маусымда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ұлытау облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. 

Қарағанды облысының шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда облысында жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Маңғыстау облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың жағалауында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында, солтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде қатты ыстық 38 градус күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстік-шығысында, батысында жоғары өрт қауіпі сақталады. 

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 23 м/с күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23 м/с. 

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. 

Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Батыстан, оңолтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай, күндіз найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, екпіні 25 м/с.

Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында 15-20, екпіні 25 м/с. Күндіз Жетісу облысында 35-37 градус қатты ыстық сақталады.

Астанада күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Түркістан облысының тауларында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысында солтүстігінде, батысында найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстын жел соғады, найзағай кезінде екпіні 18-23 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 36 градус қатты ыстық сақталады.

Алматыда кей уақыттарда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстын жел соғады, найзағай кезінде екпіні 18 м/с.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз