Алматыдағы аттракциондардың бірінде әйел құлап кетті

Алматыдағы аттракциондардың бірінде әйел құлап кетті
Фото: 2gis.kz

Алматыдағы Орталық демалыс саябағындағы аттракционда әйел құлап кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға бүгін, 24 маусымда болған. Бұл туралы куәгерлер әлеуметтік желіде хабарлап, оқиға орнынан видео таратты.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен әйелдің жедел жәрдем келгенше қайтыс болғанын хабарлады.

Алдын ала мәлімет бойынша, марқұм шамамен 40 жаста болған.

Бұған қатысты Алматы полиция департаменті де түсінік берді.

"Өз-өзіне қол жұмсау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады ведомство.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан