Депутат қазақстандық әуе компаниясын сотқа бермек

Депутат Ирина Смирнова Аir Astana әуе компаниясын сотқа бермек, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Себебі түнгі 23:35-тегі ұшақ күндіз жеті сағат бұрын 16.30-да ұшып кеткен. 

"Мен билет сатып алған жерден де, әуе компаниядан да ешқандай хабарландыру алған жоқпын. Эйр Астана барлық шағымды билеттерді алған компанияға жіберуді ұсынды. Олар өздерін емес, басқа біреуді кінәлайды. Дүйсенбі сотқа барамын", - деп жазды депутат әлеуметтік желідегі парақшасында.

"Аir Astana" әуе компаниясының баспасөз қызметі аталған жағдайға қатысты түсінік берді.

"23 маусым күні ұшатын Алматы - Астана бағыты бойынша КС 955 рейсі өндірістік жағдайға байланысты сағат 23:35-тен 16:30-ға өзгертілді. 21 маусым сағат 09:48-де, яғни ұшуға екі күн қалғанда брондауда көрсетілген контактіге ұшу уақытының өзгергені туралы SMS хабарлама жіберілді. Жүйеде тиісті ақпарат бар", - деп хабарлады әуе компаниясы.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз