Дәрігер кімдерде тіл қатерлі ісігі дамитынын айтты

Тіл қатерлі ісігі жиі 65 жастан жоғары ерлерде, сондай-ақ темекі тартатын және алкогольді сусындар ішетін адамдарда жиі дамиды. Бұл жайлы хирург-онколог Михаил Тигров айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "News.ru"-ге сілтеме жасап.

Оның айтуынша, науқастар әдетте дәрігерге кеш қаралады және сөйлеу ақаулары мен ауырсыну сезімдеріне мән бермеуге тырысады.

"Ісік тіл қозғалғыштығын және жұтуды қиындатуы, қандай да бір тамақты, әсіресе тұзды, ащы, қышқыл тағамды жұтқанда ауыруы мүмкін. Шырыштының, ауыз қуысының, тамақтың ұзақ уақыт бойы зақымдалуынан мутация пайда болуы мүмкін", - дейді Михаил Тигров.

Дәрігердің айтуынша, адам темекі тартқанда және алкоголь ішкенде тыныс алу және асқорыту жолдары арқылы ағза үшін бөтен нәрсе болып саналатын және оны зақымдайтын заттарды өткізеді. Маман жұтқыншақ қатерлі ісігі адам папилломасы вирусының себебінен жасарып кеткенін айтты. Десе де, ауыз қуысы қатерлі ісіктері әдетте 50-65 жас аралығындағы адамдарда кездеседі.

Оқи отырыңыз: Қатерлі ісік жайлы білмей қалмас үшін қашан және қандай тексерістен өту керек?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!