Қостанайда төтенше жағдай жариялануы мүмкін

Қостанайда төтенше жағдай жариялануы мүмкін
Фото: kstnews.kz

Қостанайда қоқыс салдарынан төтенше жағдай жариялануы мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі kstnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қоқыс тазалаумен айналысатын ЖШС басшысы Александр Кушнирдің сөзінше, оның қызметкерлері 24/7 режимде жұмыс істеп жатыр. 

Қала әкімі Марат Жүндібаев қоқыс шығару жұмыстары ақсап тұрғанын айтады. 

Фото: kstnews.kz

"Мойындау керек, Александр Петрович, сіздер қаланы қоқысқа толтырдыңыздар. Енді адамдар әкім ретінде мені "жеп" жатыр. Бәрі әкім нашар дейді. Олар сіздер жеке құрылым екендеріңізді білмейді. Қала тұрғындары "Тазалық" әкімдіктің бір бөлігі деп ойлайды. Бірақ бұл олай емес қой. Сіздер жеке компаниясыздар.

Мен халықтан жауапкершілікті алып тастай алмаймын, бірақ бұл сіздердің жұмыстарыңыз. Егер келісе алмасақ, келісімшартты бұзамыз. Мұндай жағдай болса төтенше жағдай жариялап, штаб құрып, ЖШС-ні басқаратын адамды өз тарапымыздан қоямыз", - дейді әкім.  

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина