Әмин Тұяқов спортшы ретінде алған ең үлкен сыйлығы туралы айтты

Ардагер желаяқ Әмин Тұяқов "Күлтөбе" youtube-арнасына берген сұхбатында спортшы ретінде алған ең үлкен сыйлығы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, америкалықтарды жеңген жарыста сол кездегі есеппен қомақты қаржы алған.

"Сол уақыттарда капиталлизм мен социализм жарысып жүріп жатты ғой. Біздің уақытымыздағы ең бірінші жау - американдықтар. Жарыс өтер алдында Орталық комитет бізді шақырады. "Егер америкалықтарды ұтатын болсаңдар, жарысты өткіземіз. Ал ұта алмайтын болсаңдар біз сылтау тауып өткізбейміз. Ұтатын болсаңдар, қомақты ақша береміз" деді. Содан америкалықтардың быт-шытын шығардық қой. Ұттық, рекорд қойдық, Хрущевтің өзі қатысып отырды. Содан ештеңе жоқ. Біздің команда бір күні жиналып алдық та, капитан командаға "бізге берілетін ақшаны Вьетнамға ауыстырсын" деп айтқыздық. Ол кезде Вьетнамда соғыс жүріп жатыр. Содан азғантайдан бірдеңе берді. Қазір жақсы, көлемді сыйлықтар береді ғой", - деді ол.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!