Шегіртке халал өнім ретінде шетелге экспорттала ма?

Шегіртке халал өнім ретінде шетелге экспорттала ма?
Фото: depositphotos.com

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров шегірткені халал өнім ретінде шетелге сату мәселесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мәжілістегі үкімет сағатынан соң БАҚ өкілі ведомство басшысына "Бұған дейін шегірткені жеуге болатыны айтылды. Қазақстан шегірткені шетелге экспорттай ма?" деген сұрақ қойды.

Айдарбек Сапаров экспорт мәселесі күн тәртібінде тұрмағанын жеткізді.

"Мұнда шегіртке сату деген мәселені көрмедік. Алдымен шегірткені тазалап алайықшы", - деп министр жауабын қысқа қайырды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

А. Есен