Серік Борамбаев жаңа қызметке тағайындалды

Серік Борамбаев жаңа қызметке тағайындалды
Фото: Ақорда

Серік Борамбаев жаңа қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының өкімімен Серік Жақсығалиұлы Борамбаев Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды".

Бұл қызметті атқарған Сәкен Бекжанов Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатылды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина