Алдағы күндері кейбір өңірлерде 46 градусқа дейін ыстық болады

Алдағы кейбір өңірлерде 46 градусқа дейін ыстық болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазгидромет мәліметінше, алдағы күндері Қазақстан аумағына Иран аудандарынан жылы ауа массалары әсер ете бастайды.

Елдің батыс және солтүстік аймақтарында 25-26 маусымда жаңбыр жауады, ал кейбір аудандарда қатты жаңбыр жауады деп күтілсе де, 27 маусымға дейін республиканың солтүстігі де ыстық болады.

Қазақстанның солтүстігінде күндіз температура +35+38 градусқа дейін, оңтүстігінде +40+46 градусқа дейін ыстық болады деп күтіліп отыр. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!