"40 күн бойы ауруханада болдық". Жания Джуринская екінші сәбиінің жағдайы туралы айтты

Актриса Жәния Джуринская екінші сәбиін дүниеге әкелгеннен кейін әлеуметтік желідегі парақшасында ана мен баланың 40 күндік күтімі туралы жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол ұлының есімін Зейін деп атаған.

"Қазақ халқы да басқа халықтар сияқты баланы 40 күн әлемге көрсетпеу керек деген қағиданы ұстанған. Сондықтан 40 күндікті мерейтой ретінде атап өтеді. Оған сәйкес түрлі әдет-ғұрып орындау өте маңызды. Шілдехананың негізгі мағынасы – баланы жын-шайтан, тіл-көзден сақтау. Қазір бұл салт әртүрлі түсіндіріледі. Шынында, ана мен нәресте үшін алғашқы 40 күн маңызды. Әйелдің денесі қалпына келіп, бала осы дүниеге бейімделеді", – деп жазды актриса. 

Сондай-ақ, өнер баласын дүниеге әкелген соң жұқпалы аурулар ауруханасына түсіп қалғанын айтты. 

"40 күн бойы біз ұлымызбен ауруханада болдық. Шынымды айтсам, мен қатты қорықтым. Бірақ бақытымызға орай, бәрі артта қалды. Жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігерлерінің арқасында, жақсы ем алып шықтық. Олар Зейіннің қырқынан шығару рәсімін ауруханада ұйымдастырды. Палатада жатып, қырқымыздан шықтық. Олар бізге жан-жақты қарап, емдеп жазып берді. Тіпті аластап, жаман энергиядан тазалап берді. Адам өмірін құтқаратын мамандық иелерінің еңбегіне баға жетпейді", – деп жазды ол.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!