Астанада Ұлы Дала даңғылының учаскесі уақытша жабылады

Астанада Ұлы Дала даңғылының учаскесі уақытша жабылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Мәңгілік Ел даңғылынан Жошы хан көшесіне дейінгі учаскеде Ұлы Дала даңғылында жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

Осыған байланысты 24-25 маусым күндері жоғарыда аталған учаске толығымен жабылатын болады, оның ішінде Ұлы Дала даңғылы - А.Бөкейхан көшесінің қиылысы.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз