"Жақсы ойластырған". Қазақстанға қыдырып келген үндіс өзін таңғалдырған нәрселер жайлы айтты

Желіде Қазақстанға қыдырып келген үндістің видеосы тарады. Ол Алматыдағы таңғалдырған нәрселер жайлы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Үндістің троллейбустарға реакциясы әлеуметтік желі қолданушыларын күлдірді.

"Алматыда көше бойымен келе жатқанда таңғаларлық нәрселер көресіз. Мына электрлік автобустарды (троллейбус) қараңыз. Адамдар біздегідей автобус үстіне шығып алса, олар тоққа түсіп қалар еді. Жақсы ойластырған. Сөз жоқ. Таза жол, қымбат көліктердің кептелісі, ағаш аурухана - мұның барлығы бір көшеде орналасқан. Сәуір, мамыр, маусым - Алматыға келуге керемет уақыт.

Егер жүріп шаршасам, мен скутер (самокат) ала саламын. Ол барлық жерде орналасқан. Скутерлер қазақтар үшін проблема емес.

Орталық саябаққа келдім. Мұнда балалар өте көп. Себебі динопарк, аттракциондар, дельфинарий бар. Сондай-ақ бұл жерде сіздің суретіңізді салып береді. Бұл жерде ересектерге де ұнайды. Кафелер мен мейрамханалар да көп", - дейді видеода үндіс турист.

@natureqazaq0 #индусвказахстане #бешбармак #казахстан ♬ оригинальный звук - nature qazaq

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!