Дағыстандағы теракт: үш күндік аза тұту күні жарияланды

Дағыстандағы теракт: үш күндік аза тұту күні жарияланды
Фото: РЕН ТВ

Дағыстандағы терактқа байланысты 24, 25 және 26 маусым күндері аза тұту күні болып жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қаулыға өңір басшысы Сергей Меликов қол қойған. 

Аза тұту күндері республиканың барлық аумағында мемлекеттік тулар төмен түсіріледі. Дағыстанда орналасқан мәдениет мекемелері мен телерадиокомпаниялар барлық ойын-сауық іс-шаралары мен хабарларын тоқтатады. Дағыстан республикасының үкіметіне қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсету жөнінде қажетті шаралар қабылдау тапсырылды.

Дағыстандағы теракт: Тоқаев Путинге көңіл айтты

Дағыстан Республикасы бойынша ІІМ республиканың бірнеше қаласында жасалған бірнеше террористік актілердің салдарынан алты полиция қызметкері қаза тапқанын хабарлады. 

"Қазіргі уақытта, 6 полиция қызметкері қаза тауып, 12 адам жараланды. Содырлар ұсталып жатыр", - деп хабарлады ведомство өкілдері. 

Полицейлер шабуыл жасалған шіркеудің діни қызметкерлері қаза тапқанын растады.

Республикада жедел штаб құрылды. Ресейдің ұлттық Терроризмге қарсы комитеті Дағыстанда терроризмге қарсы операция режимі енгізілгенін хабарлады: республикаға кіру және шығу жабық.

Құқық қорғау органдары екі содырдың өлтірілгенін де хабарлады. Ресейлік Telegram-арналарының мәліметінше, Дербент көшелерінде атыс қайта басталды.

Қала тұрғындарынан үйде болуды, есіктерді жабуды және терезелерге жақындамауды сұралды. Махачкала мен Дербентке шабуыл жасағандар - халықаралық террористік ұйымның жақтаушылары, деп хабарлады құқық қорғау органдары.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина