Балалар үйінде өскен блогер жол бойында жүгері сатып отырған екі балаға қомақты қаражат ұстатты

Балалар үйінде өскен блогер жол бойында жүгері сатып отырған екі балаға қомақты қаражат ұстатты
Фото: instagram.com/samat.bloger/

Балалар үйінде өскен блогер Самат Бекебаев жол бойында жүгері сатып отырған екі балаға қомақты қаражат ұстатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жол бойында жүгері сатып отырған балалар 11 және 10 жаста. Бірінің есімім Жаһаргир, екіншісі - Бекнұр. Балалар саудалап отырған жүгері өзге бір кісінің тауары. Балалар оны сатқаны үшін ақы алады, нақтырақ айтсақ, жүгерінің 70 данасы сатылған жағдайда, 2 мың теңгеден төленеді. Балалардың бірі, адал еңбек етіп, жинаған ақшаға үйіне бассейн алғысы келеді. 

Блогер екі баланың әрқайсының қолына 100 мың теңгеден ұстатып, ақшаны қалаған затына жаратуға тапсырды. 

"Бала кезім есіме түсіп кетті. Қиналып ақша тауып оны қимай жарататын едім. Тер шығып жұмыс жасап жүрген пенделерге Аллах разы болсын", - деп жазған блогер.

Ал балалар 200 мың теңгені бастығына апарып, тапсырған көрінеді. Бастығы қаражатты жүгері сататын 11 баланың бәріне теңдей бөліп беріпті.

Желі қолданушылары блогердің бұл ісіне тәнті болып, жылы тілек тілеген.

"Ризық Алладан екенін білетін құлыншақтар", "Осы жігіт билікке келуі керек қалай болғанда...", "Алла разы болсын сізге Самат. Тек жақсы адамдар жолықсын өмір жолыңызда", "Әр бір бала бақытты болсыншы", "Самат балам, сенің мейірімді жүрегіңе, адамгершілігіңе, адал еңбегіңе мың алғыс. Аман бол, жасаған жақсылығың сенің алдыңнан шықсын, осы қарапайым ауылдың балалары сен сияқты азамат болсын", "Самат! Бауырым, сізге алланың нұры жаусын! Екі дүниенің бақытын тілеймін! Қашан көрсем де тек жақсылық жасап, кімді болса да демеп, жебеп жүресіз!" - деп жазған олар.

Тағы да оқи отырыңыздар: Жастық шақ туралы әндер

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә