"Мұндайды өмірімде көрмеппін". Құс зауытында "үндік пати" ұйымдастырған ер адам Желіні шулатты

"Мұндайды өмірімде көрмеппін". Құс зауытында "үндік пати" ұйымдастырған ер адам Желіні шулатты
Фото: instagram.com/almastogay/

Құс зауытында "үндік пати" ұйымдастырған ер адам Желіні шулатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видео тележүргізуші Алмас Тоғайдың әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды. 

"10 жыл бұрын жаман қуатынмын", - деп жазған ол.

Кадрлардан оның үндік толы ғимараттың ішінде тұрғанын көруге болады. 

"Құрметті достар, біз бүгін Ордабасы-құс ЖШС үндік пати ұйымдастырып жатырмыз", - дейді ол видеода.

View this post on Instagram

A post shared by Almas Togay (@almastogay)

Бұл видео Желі қолданушыларын әбден күлдірді.

"Кез келген іс-шараны жүргізе беремін дейсің ғой", "Отбасымызбен отырып тамашаладық, керемет кеш болыпты", "Көңіл күй қалай? -ғұлұғлұғлғұ", "Бәсе, тәжірибелі боп келгенің, үндіктермен әбден жаттығу жасаған екенсің ғой", "Шыныменде жарғансың сол кезде. Өткенде бір тойда дастарханға қойылған үндік айтып қалды асқазанға кетер алдында", "Бұндай күшті концертті өмірімде көрмеппін", "Сүбелі сұхбат болғаны көрініп тұр", - деп жазған олар.

Тағы да оқи отырыңыздар: Қызанақта қандай дәрумендер бар?

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә