"Дәрігерлер "өлесің" деді". Жұлдызай Дүйсенбиева алғаш рет сырқаты туралы айтты

Актриса Жұлдызай Дүйсенбиева Ақбаян Сапарбаева берген сұхбатында алғаш рет сырқаты туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Актриса ауруы өзіне түсініксіз болғанын жеткізді.

"Бұл бір түсініксіз ауру болды өзі. Дәрігерлер бұл жаман ауру деді. Басымның артқы жағынан түйін шықты, екінші бас сияқты болып тұрды. Мен ол уақытта түсірілімде жүрдім, басым ауырып бастағанда бірден үзіліс алып, үйден шықпай жаттым. Мен көпке көрсетіп, жылап, одан хайп жинағанды жақтырмаймын. Бірақ мен қатты уайымдадым, өйткені маған дәрігерлер "өлесің" деді. "Болды, өлесіз, құлақтың артынан бірнәрселер жиналған" деп әбден қорқытты. Бірақ, аллаға шүкір, нейрохирург Асқар деген досым бар. Күн демей, түн демей, кез келген уақытта көмектесетін достарымның қатарында. Өзі арнайы Алматыға ұшып келіп, қарап, бір жетіде емдеп шықты. Ешқандай ота жасамады. Ауруды дұрыстап түсіндіре алмаймын, оны өзі дәрігерлердің тілімен айту керек. Бірақ қазір жағдайым жақсы, бірден жазылып, қайта жұмысқа шықтым", - деді актриса.

Тағы да оқи отырыңыздар: Қансоқта деген қандай тағам?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!