"Жұрттан қалмаймыз деп, өлетін болдық қой". Кішкентай қыздың қылығы жұртты сүйсінтті

Әлеуметтік желіде жұрттан қалмау үшін сусын ішіп отырған қыздың іс-әрекеті жұртты сүйсінтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сүйкімді қыздың қылығы бейнеленген видео zhanbotailyasova_ Instagram-парақшасында жарияланды. Видео авторы кішкентай қыздан диета ұстағысы келсе, сусынды ішпей-ақ қоюын сұрайды.

"Диета ұстайын десең осы ғой, адамдар неше түрлі нәрсе шығарады. Жұрттан қаламыз ба?" - деп жауап берді қылықты қыз.

Қыздың қылығына сүйсінген Желі қолданушылары оның айтқанымен келісіп, түрлі пікір қалдырған.

"Бірімізде сол ғой, "жұрттан қаламыз ба?" деп жарылатын болдық", "Жұрттан қалмаймыз деп, өлетін болдық қой", "Жұрттын қаласың ба, іш", "Жаным-ау, біргеміз. Жұрттан қаламыз ба деп, не шықса, соны жеп, диета қайтыс болғанына неше жыл", "Мен диета ұстаған күні қонаққа шақырады. Бесбармақ, ет, мантыны көрсем, қызығып кетемін. Болды, енді диета ұстаймын деп, іш тазалайтын дәрі іше бастасам, тағы қонаққа шақырады", "Қандай сүйкімді қыз", "Жаным-ау. 18 жасқа толғанша азып аласың уайымдама. Жұрттан қалмай, тәттіні жеп, бақытты балалық шақпен өсе бер", - деп жазған олар.

Тағы да оқи отырыңыздар: Адам қанша градус ыстыққа шыдай алады?

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!