Қостанай облысында тұрғын үйден өрт шықты

Қостанай облысында тұрғын үйден өрт шықты
Фото: ТЖМ

Қостанай облысында тұрғын үйден өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәліметінше, Рудный қаласында көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде балкон жанған.

"Өртсөндірушілердің жедел жұмысының арқасында 17 минуттың ішінде өрт ауызықталды. Зардап шеккендер жоқ, оқиғаның алдын ала себебі анықталып жатыр", - деп жазылған хабарламада.

ТЖМ азаматтарға өрт кезінде "101" және "112" нөмірі бойынша хабарлауға кеңес берді.

Еске салайық, бұған дейін Астанада "Хан Шатыр" ауданындағы ғимараттан өрт шыққаны хабарланды. Кешке жақын өрт сөндірілді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова