"Топырақ шашпаймын, бет жыртыспаймын, ақталмаймын". Жұлдыз Әбдікәрімова оқырмандарын ойландырып қойды

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі парақшасында ауруханадан шыққан кейінгі сезімін бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, ауруханада өмірі жайлы көп ойланған.

"Білесіз бе… Ауруханада жатып, көп ойландым.  Мен кіммін? Нендей тірлік етіп жүрмін? Қайдан келемін? Қайда барамын? Ата-анама қандай перзентпін? Балаларыма қандай анамын? Өзге тұрмақ, өзімнің мыңдаған сұрағыма толық жауап бере алмадым. Бір түсінгенім, мендегі күш күлімсіреу екен. Қандай сынақ келсе де, батпандай әділетсіздік көрсем де үн қатпау, топырақ шашпау, бет жыртыспау, ақталмау! Жаратқанға әр әрекетім үшін жауабым, жиған сауабым, ізгі амалым бар ма? Мен үшін сұрақтардың ең маңыздысы осы екен. Дүниеде ең оңайы ақыл айту емес пе?! Ал менің таңдауым үнсіздік екен", - деп жазды актриса.

Желі қолданушылары өнер иесіне қолдау көрсетті.

"Жұлдыз сөйлесе баяғыда сұхбат, подкаст, тиктоктың жұлдызы болар еді. Бірақ ол жай ғана бақытты, балаларына үлгілі ана болуды таңдады", "Жақсылықты ең бірінші бір Алладан, екінші балаларыңнан күт. Бәрі жақсы болады", "Ең бастысы ата-ананың қарапайым тәрбиесін бойына сіңірген перзентсің, ата-анаңа алғыс сендей ақылды, білімді, көрікті, әдемі, мәдениетті, тәрбиелі қызды дүниеге әкелген", - деп жазды олар.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз