ТЖМ азаматтарға маңызды ескерту жасады

Төтенше жағдайлар министрлігі жаз мезгілі суға шомылу маусымы болуына байланысты азаматтарға қауіпсіздік ережелерін ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

  • Балаңызға судағы қауіпсіздік ережелері туралы айтыңыз;
  • Шомылуға тыйым салынған жерлерде шомылуға болмайды;
  • Тереңдігі белгісіз суға сүңгуге болмайды;
  • Қалқымалардан аса жүзуге болмайды;
  • Мас күйінде суға түспеңіз;
  • Су көліктеріне жақын жүзбеңіз.

"ТЖМ судағы қауіпсіздік ережелерін мүлтіксіз сақтауды сұрайды!" - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Абай облысында суға батып бара жатқан әйел құтқарылғаны хабарланды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!