Таразда түнде жарылыс болды

Тараздағы аудандардың бірінде жарылыс болып, құтқарушылар оқиға орнына барды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

@taraznews.kz Instagram арнасы мәліметінше, 19-үйдің маңында, Қарасу шағынауданында газ жарылған. Полицейлер бұл жерді қоршап алған, кейінірек қалалық қызметтер осы жерде жұмыс істеп жатқаны белгілі болды.

"Куәгерлердің айтуынша, алдын ала мәлімет бойынша жер асты газ құбыры қатты жарылған. Зардап шеккендер туралы ақпарат әлі белгісіз", - деді журналистер.

Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі мәліметінше, оқиға сенбі күні кешке болған.

"№26 үйдің маңында, 5-шағынауданда жер астында жарылыс болды деген хабар келді", - деп жазылған жауапта.

Зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген, оқиғаның себебі анықталып жатыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!