Ақтөбе облысында дәрі тиеген жүк көлігі түгі қалмай жанып кетті

Ақтөбе облысында дәрі-дәрмек тиелген жүк көлігінің жүргізушісі тірідей жанып кете жаздады. Оны көлігінің салонынан сол маңға тоқтаған өзге жүргізушілер шығарып алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Оқиға Самара-Шымкент республикалық трассасының Хромтау ауданы аумағындағы бөлігінде болды. От фармацевтика тауарлары артылған тіркемеден тұтанған.

Оны аңғармаған жүргізуші көлігін тоқтатпай жүре беріп, будақтаған көк түтін мен химия иісінен уланып қалады. Жүк көлігі мен тиелген дәрі-дәрмектен түк қалмады. Ал 33 жастағы жүргізуші ауруханада жатыр, беті бері қарады.

"Тіркемеде дәрі-дәрмек, сутегі тотығы болды. Автокөлік жүргізушісі 1991 жылғы азамат химиялық заттармен уланып, ауруханаға жатқызылды. Жағдайы орташа", - дейді Ақтөбе облысы ТЖД бас маманы Азамат Жұмабаев. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!