Алматыда үш мопед ұрысы ұсталды

Алматыда үш мопед ұрысы ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазіргі уақытта олардың 4 бөтеннің мүлкін ұрлауға қатысы бар екендігі белгілі болды.

"Күдіктілер заңсыз баю мақсатында түнгі уақытта көпқабатты үйлердің аулаларында қараусыз қалған көліктерді анықтап, оларды ұрлап кетіп, жасырып қойған, кейін қайта сатуды жоспарлаған. Алайда жоспарлары жүзеге аспай қалды: олар ұсталды, заттай айғақтар тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына қосылды. Қазіргі уақытта күдіктілердің жеке басы бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексерілуде», - деді, Әуезов аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ұлан Әбілқайыр.

ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!