Астанадағы Хан Шатыр маңындағы ірі өрт: 8 адам эвакуацияланды

Астана қаласындағы Ханшатыр сауда орталығының маңындағы көпқабатты тұрғын үй өртеніп жатыр. 
Төтеншеліктер қазіргі уақытта аталған тұрғын үй кешенінің сыртқы жабыны өртеніп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің нақтылауынша, ғимараттың сыртқы қаптамасы өртенген.

"ІІІ дәрежедегі шақырту бойынша аттанған өрт сөндірушілер қазір оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Өртті сөндіруге 16 бірлік техника және 72 адам жұмылдырылған. Ғимарат ішінде пәтерлер ғана емес, сонымен қатар әкімшілік нысандар да орналасқан. Оқиға орнында штаб құрылды. Эвакуациялау шарасы жүргізіліп жатыр. ТЖМ құтқарушылары 8 адамды, оның ішінде бір баланы эвакуациялады", - делінген хабарламада.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!