Ақтауда полицейлер шағын ауданды қоршауға алды

Ақтауда полицейлер шағын ауданды қоршауға алды
Фото: Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Ақтаудағы 7-шағын ауданда жүргізушілерді жаппай тексеру қала тұрғындарын әбігерге салды. Бұл жағдайға Маңғыстау облысының полиция департаменті түсініктеме берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada сайтына сілтеме жасап.

Төңіректі полиция қоршауға алғанын қала тұрғындары хабарлаған.

"Себебі не екенін біреу біледі ме? Еш себепсіз олар маңайға кіріп-шыққандардың көлігінің ішін тексерді",  - деді жүргізушілер.

Полиция департаменті "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы қазір қаланың барлық шағын аудандарында жүргізіліп жатқанын хабарлады.

"Құжаттар тексеріліп жатыр, қару-жарақ пен есірткінің бар-жоғы да тексерілуде. Жүргізушілермен профилактикалық әңгіме жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы